​Отбасында байқалмайтын, бірақ ҚҰНДЫ ӘДЕТТЕР

0
200

Бұл әдеттер қымбат сыйлықтан, түрлі тосынсыйлардан артық әсер етеді. Сенбесеңіз байқап көріңіз.


​Отбасында байқалмайтын, бірақ ҚҰНДЫ ӘДЕТТЕР

Фото: pexels.com

Отбасы бақыты үлкен жетістіктерден, қымбат дүниелермен емес, қарапайым әрі байқалмайтын әдеттерден құралады. Иә, бақыт күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек қарым-қатынасқа байланысты. Мұнда көп адам бағалай бермейтін мынандай әдеттердің мәні зор.


1. Түнде оның да телефонын қуаттап қою

Күнде телефоныңызды қуаттайсыз. Үйде кезде жарыңыздың да телефонын қоса қуаттап қоя салыңыз. Бұл – қамқорлықтың ең қарапайым, бірақ ең жылы көрінісі.
Мысал: Жолдасыңыз шаршап ұйықтап қалғанда, телефонын зарядқа қойып қойсаңыз, ол оянғанда сіздің ілтипатыңызды сезінеді.


2. Ас дайын болмаса, ұрыспау

Әйел адам кейде балалары ауырғанда немесе құрбысының туған күніне барғанда, кешкі ас пісіріп үлгермейді. Оған бола діңкілдеп ұрыс шығарудың қажеті жоқ. Бүгінде дайын тамаққа тапсырыс беру – оп-оңай. Жұмыртқа мен шұжық қуыра салу еркектің де қолынан келеді. Немесе бір күн айран іше салуға да болады.

Мысал: Кешкі ас дайын болмаған кезде «Уайымдама, пицца тапсырыс бере саламын» деп қолдау білдіру – жанұядағы түсіністікті арттырады. Немесе “Бүгін өз қолыммен тамақ істеп берейін” деп, жұмыртқа қуырыңыз.


3. Сұраған ақшасынан көбірек беру

Бұл – еркекке тән жомарттықтың белгісі. Көп болмаса да артық 2000-5000 теңге қосып беріңізші, әйеліңіз балаша мәз болады.
Мысал: Әйеліңіз дүкенге барып келуге ақша сұраса, сұрағанынан артық сомма беріп: «Өзіңе де тәтті бір нәрсе ала сал» деу – көңілін көтереді.


4. Ренішпен ұйықтамау

Адам олған соң реніш болады және бола береді. Бірақ кикілжіңді уақытылы шешіп үйренген жөн. Ересек адамдар ренішін іште сақтап, “ішімдегіні тап” деп жүрмейді.
Мысал: Ұйықтар алдында ренішті тарқатпай жатып жастыққа бас қою – екі есе ауыр. Ал құшақтап: «Кешірші, ертең бәрін сөйлесеміз» деу – жан тыныштығын сақтайды.


5. Бір-бірінің хоббиін қолдау

“Сол не екен? Бір түрлі адамсың”, “Жұрт сияқты басқа нәрсеге қызықсаң қайтеді?” деп оның хоббиін құнсыздырмаңыз. Әр адамның қызығушылығы түрліше, оған құрметпен қарау керек.
Мысал: Жолдасыңыз балық аулауды жақсы көрсе, анда-санда бірге баруға ниет таныту немесе қызыңыз сурет салғанды ұнатса, суреттерін мақтап қою – үлкен қолдау.


7. Күнделікті жылы сөз

«Қайырлы таң», «Сені сағындым», «Рахмет» деген сөздер үйді мейірімге толтырады.
Мысал: Жұмысқа кетіп бара жатқанда: «Жақсы күн тілеймін» деу – күннің көңілді басталуына себеп болса, жұмыстан келгенде бір-бірінен “Күнің қалай өтті?” деп сұрау – көңілді сергітеді.


8. Қол ұстасу

Кино көріп отырғанда немесе жай әңгімелесіп отырғанда жұбайыңыздың қолын ұстаңыз. Мұндай қарапайым жанасу жақындықты сақтайды.
Мысал: Көшеде бірге келе жатып қол ұстасу немесе дастарқан басында иықтан жеңіл құшақтау – жүректерді жақындатады.


9. Ортақ дәстүр қалыптастыру

Әр отбасының «кішкентай ритуалы» болуы маңызды. Бұл отбасы естеліктерін көбейтеді, сүйіспеншілікті нығайтады.
Мысал: Жексенбі сайын бірге фильм қарау немесе кинотеатрға бару. Я болмаса әр жұма моншаға түсу. Әр сенбі кафеден тамақтану т.б.


10. «Жақсы көремін» деп айту

Психологтар адамдардың айтуда қиналатын үш сөзі бар дейді. Олар: “жақсы көрем”, “кешірші”, “көмектесші”. Ал сіз бақытты болам десеңіз, жұрт айтуға қиналатын осы сөздерді жарыңызға жиі айтуға дағдыланыңыз.
Мысал: Күтпеген сәтте: «Мен сені жақсы көремін» деу – бір күнді ерекше етеді. Жүректерді жақындастырып, сүйіспеншілікті ұзаққа сақтайды.

Дайындаған: Ж. Нұрабай,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Мазасыздықтан ЖЫЛДАМ құтылудың 2 ЖОЛЫ

Бір күнге ҚУАТ БЕРЕТІН таңғы 3 медитация