БасыАқпараттар ағымы
Ақпараттар ағымы
Түркістанда "Smart Turkistan" форумы өтті
Форумда IT-мамандар ақылды өңірде қаланы құру бағытындағы инновациялық идеяларымен Түркістанның келешегі жайында талқылады.
Мамыр мерекесінде «Red Bus» автобустарымен тегін экскурсия ұйымдастырылады
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Қазақстан Түркияға әскери өнімдерді экспорттайтын болады
Кездесулер нәтижесінде таяуда түркиялық 5 компанияның қорғаныс саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың техникалық тетіктерін айқындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына арнайы келуі жоспарланған.
Шымкентте студент бесінші қабаттан секіріп кетті
Филология факультетінің 1-курс студенті бүгін күндіз оқу ғимаратының бесінші қабатынан өзін өзі тастап жіберген.
Таразда автобуспен қақтығысқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
ЖКО нәтижесінде автобустың бір жолаушысы және жедел жәрдемнің үш жолаушысы жарақат алған.
Елордада 70-тен астам ардагер арнайы медициналық көмек алады
Министр сондай-ақ, ардагерлердің хәлін сұрап, ерлігімен тарихта қалған қарттарымыздың денсаулығы қашанда назарда болатынын айтты.
Прокурорлар ұрланған 140 млн теңгені Швейцариядан елге қайтарды
Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың жалпы сомасы - 420 млн теңге.
«Адалдық дүкендері» алақол сатып алушылардың кесірінен банкротқа ұшырап жатыр
Біздің адамдар уақытын жоғалтпау үшін, кезекте тұрмау үшін кез келген нәрсеге төлем жасауға дағдыланып алған. Біздің ең бірінші міндетіміз - қоғамның тұрмыстық жемқорлыққа көзқарасын өзгерту.
Заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңге ұрлаған шенеунік ұсталды
Зейнетақы төлемдерін заңсыз рәсімдеу және аудару арқылы 2006-2014 жылдары жалпы сомасы 36,4 млн теңге болатын бюджет қаражатын талан-таражға салу күдігіне ілігіп отыр.
Шымкент қаласының соттары қызметтік көлікті таксиге алмастырды
Шымкент қаласы сотының бастамасы шағын және орта бизнесіне серпін беретін болады.


