Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдарында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

0
60

Бүгінде әншілердің ұлы мен келіні діни некесін қидырып қойған көрінеді.


Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдарында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

ERNUR.KZ. Жұлдызды жұп Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекованың ұлы Қазбек Қожахметов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады stan.kz.

Қуанышты жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Қолыңа қонған бақ құсың құтты болсын. Махаббаттарың мәңгі, ниеттерің ақ болсын. Аллам тіл-көзден сақтасын!” – деп жазды ол.

Бүгінде әншілердің ұлы мен келіні діни некесін қидырып қойған көрінеді. Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас желідегі парақшасында жазба жариялап, жас-жұбайларды құттықтады.

Кадрлардан Қазбек Қожахметовтың қолынан мұсылман неке куәлігін байқауға болады.

Сондай-ақ Олжас Еспанов “Қатарымызға қош келдіңдер! Бұйырса той!” деп жазған.