​«Үлкендердің айуандығымен күресіңдер»: Қарақат Әбілдина желіден өшірілген отбасылық видеосына ашуланды

0
1 764

«Интернет толы жалаңаштанған сорақы видеоларға тоқтам бар ма?!»


​«Үлкендердің айуандығымен күресіңдер»: Қарақат Әбілдина желіден өшірілген отбасылық видеосына ашуланды

Таяуда ғана отбасымен Вьетнамға демалысқа барып келген танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желі алгоритміне қатысты ойын білдірді. Өнер иесінің «Инстаграмға» салған отбасылық видеосы өздігінен өшіп кеткен екен.


«Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны «Инстаграм» өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай қызым трусишең атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық-шашық бейнеге тиым салғаны ғой.


Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? «Тик-тогың» анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ.



Әр постыңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жай қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?! Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?!»
- деп ренішін білдірді Қарақат Әбілдина.


Жағажайда түсірген отбасылық видеоны өнер иесі «Инстаграмға» қайта салды. Бірақ бұл жолы кіші қызының жүгіріп шыққан жерін алып тастаған.


«Айзонтайым бар жерін алып тастадық. Біздің елде трусишең жүрген баланы көрсетуге болмайды екен. Күлейін бе, жылайын ба?» - деді өнер иесі.