​«Қызымды қорғауға жанымды саламын»: Композитор Қалдыбек Құрманәлі Жанқош Тұраровқа кешірім бермейтінін айтты

0
1 808

«Бірнеше мәрте өзіне қол жұмсамақ болды»


​«Қызымды қорғауға жанымды саламын»: Композитор Қалдыбек Құрманәлі Жанқош Тұраровқа кешірім бермейтінін айтты

«Боксшы Жанқош Тұраров зорлады» деп шағымданған Әнару Құрманәлінің әкесі, белгілі композитор, қоғам белсендісі Қалдыбек Құрманәлі қызына көмектесу үшін Алматыға келген. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.


«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлінің белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты.


Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім» деп отыр», - деп жазды журналист.


Композитор қызының бірнеше мәрте өзіне қол жұмсамақ болғанын айтып берген.


«Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. «Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. «Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын» деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. «Қазір депрессияда жүр» дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты», - деп хабарлады Гүлбану Әниятқызы.


Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын белгілі боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінген болатын. Қазір бұл іс тиісті органдармен тергеп-тексеріліп жатыр.