"Кешьюға" барсаң жоғаласың": Мейрамбек Беспаев Баян Мақсатқызының жобасын сынады

0
109

Беспаевтың бұл сөзіне Бағым Мұхитденқызы ашуланып қалды.


Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Әнші Мейрамбек Беспаев продюсер Баян Мақсатқызының жобасын сынап тастады, деп жазады stan.kz.

Жас әншілерге тәлімгер болуға шақыратын музыкалық шоуда Мейрамбек қатысушыны Баян мен Бағымды таңдамауға шақырады.

"Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе "Кешьюға" барасың. Саған қамқоршы болатын аға керек. Сені қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. "Кешюда" 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүруі керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек", – деді ол.

Беспаевтың бұл сөзіне Бағым Мұхитденқызы ашуланып қалды.

"Кешьюдан кім жоғалды? Біз жеке проектермен де жұмыс істейміз және олар көп", – деп жауап берді музыкалық продюсер.