"Ел алдында үлгі болып жүрген, мәдениет саласында жүрген адамдар осылай қазақтың салт дәстүрін бұрмаласа..."
фото: әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде Жазира Байырбекованың өз келінің ұзатып, ән салып алып шыққан видеосы қызу талқыға түсті.
Бұл видеоны әнші өзінің жеке парақшасында жариялаған. Видеода Жазираның ұлының таңдаған жарын ұзатып ән шырқағаны және қызбен өз туыстары қоштасып жатқаны көрінеді.
Жазбаға пікір қалдырғандар екі жасқа бақыт тілеп, әншіні жарыса құттықтауда. Сондай-ақ, "дәстүрді бұзды" деп айыптағандар да жетерлік.
Оқырмандардың бірі "Неге қазақтың салт дәстүрін бұрмалап алады екен осы. Қыздың Жеңгелері ұзататын еді ғой. Қазақтың салт дәстүрінде осындай болған ба? Ұлттық құндылық, салт дәстүрдің бояуын өзгерпей ұстаса екен" деп жазса, екінші бірі "Ерсілеу болыпты" деп пікір қалдырған.
Тіпті, "Ел алдында үлгі болып жүрген, мәдениет саласында жүрген адамдар осылай қазақтың салт дәстүрін бұрмаласа, осылай істегім келді деп, істей берсе, онда қалғаны не істемейді" деп жазды.
Оқырмандар арасында әншінің бұл әрекетін қолдағандар да жетерлік.
Айта кетейік, жақында әнші жұр Жанболат пен Жазира ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын.


