Көпшілік жағымды пікірде қалған.
Фото: @aizhuldyz_adaibekova
ERNUR.KZ. Актриса Айжұлдыз Адайбекова отбасылық фотосессиясынан суреттер жариялады. Оқырмандары оның ерекше талғамына таңданыс білдіріп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Суретте аяғы ауыр Адайбекова ұзын қара көк көйлек киіп, етегіне қайын атасы Данияр Қағаровты, күйеуі Сәкен Қағаровты, ұлы Назар және анасы әнші Жанар Айжанованы тұрғызып қойған.
Отбасы мүшелерінің бәрі белгілі бір комикске еліктеп, соған сай киінгені байқалады. Желі қолданушылары оларды америкалық «Адамс әулеті» франшизасының кейіпкерлеріне ұқсатып жатыр. Актриса ұзындығы беліне түсткен жасанды ақ шаш тағып, қасын да ағартқан. Жанар Айжанова болса, қысқа қара шашын ұзартқан.
Айжұлдыз Адайбекованың оқырмандары әртүрлі пікір қалдырып жатыр, олардың арасында жағымдысы да, жағымсызы да бар.
«Осы отбасы біртүрлі ме әлде ерекше ме?», «мінсіз», «қайын атаңмен бұлай түсу, дәреже ғой», «қорқынышты кино ма деп отырсам, фотосессия екен ғой», «анаңызды қалай көндірдіңіз», - деп жазды көпшілік.
Ал әріптесі әнші Мөлдір Әуелбекова актрисаға қолдау білдіріп, жылы сөзін арнады.
«Біртүрлілер - біртүрліні көреді, ерекшелер - ерекшлікті көреді!», - деді ол.