​«Әннің тарихы өз басымыздан өтті»: Нұрлан Әміров арбаға таңылған кезін есіне алды

0
2 606

«Көзінің астына шел бітіп, кекірейіп тұрады»


​«Әннің тарихы өз басымыздан өтті»: Нұрлан Әміров арбаға таңылған кезін есіне алды

Белгілі «Нұрлан мен Мұрат» тобының мүшесі болған Нұрлан Әміров «EL.kz» ютуб каналына берген сұхбатында өнердегі әріптестеріне көңілі толмайтынын айтты. Өнер иесі жастардың той иесінен қымбат гонорар талап етуін құптамайтынын жеткізді.


«Барлық нәрсе уақытымен ғой. Кезінде біздің де дәуіріміз дүркіреді, талай жерде әнімізді айтып, шалқып жүрдік. Дегенмен қазіргі 18-19 жасында 2-3 әнін айтып, танылып алады да, көзінің астына ет бітіп, қасына топырлатып 12 адамды ертіп жүреді. Бірі аяғын тазалайтыны, екіншісі киімін көтереді, тағы біреуі әнін әнін ұстайды, үшіншісі телефонға жауап береді. Сондай нөкерлері көп. Олардың не керегі бар? Той иесі тойға әншіні ғана шақырады ғой.


Сосын қазірсөйлесейін десең бәрі тұтқасын көтермейді. Бұрынғыдай аралас-құраластық жоқ. Ұлықпан Жолдасов, Сәкен Қалымов, кейінгі Сәкен, Мейрамбектер, бәріміз ескі достармыз ғой. Қатты сыйласып жүргенбіз. Олар әлі күнге дейін мені «аға» деп сыйлайды. Ол қорыққандықтан емес. Ал қазіргі жігіттер дұрыс іні бола алмай жүр. Кекірейіп тұрады. Тіпті тойларда дастарханға, оның айналасындағы адамдарға қарап барып отырады. «Бизнес класпен ұшамын, мынау қонақүйге жатамын» деп талап қоюға ұялмайды. Өзі туып өскен қалаға келе тұра қонақүйде жататынын түсінбеймін. Адам өзі миллион теңгеге той істеп отырса, әнші келіп миллион теңге сұрайды», - деді Нұрлан Әміров.


Өнер иесі сондай-ақ кезінде хит болған «Жұлдызым» әнінің бейнеклипі жайлы айтып берді.


«Жұлдызымның» клипі өмірден алынған оқиға. Продюсеріміздің досының басынан өткен жағдай екен. Сол желі бойынша түсірдік. Ол жігіт қазір қызымен жап-жақсы өмір сүріп жатыр екен. Қызы үлкен болып қалды ғой.


Кейде бізге сол әннің себебі тиіп кетті ме деп те ойлап қаламын. Қалай айтсам екен, мен де қатты ауырып, белім сынып, арбаға отырып қалған кезім болды. Үш-төрт жылдай қатты қиналдым. Сол кезде достарымның бәрін жоғалтып алдым, ішімдікке жақын адамдар айналама жинала бастады, ішіп кеттім. Сондай жағдай бастан өтті. Ол Мұраттың да басынан өтті. Екі жылдай ауырып қалды. Әннің тағдырын өзіміз сезініп көрдік», - деді Нұрлан Әміров.