ДЖОН СНОУ фанаттары сүйікті актерімен «ГАРРИ ПОТТЕР» арқылы қайта қауышады

0
161

Николас Холт «Гарри Поттер» сериалынан кетіп, орнына Кит Харингтон келді


ДЖОН СНОУ фанаттары сүйікті актерімен «ГАРРИ ПОТТЕР» арқылы қайта қауышады

Сурет: ЖИ

Гарри Поттер туралы жаңа сериалдың авторлары Златопуст Локонстың рөліне Николас Холтты бекіткен еді. Дегенмен Variety басылымының хабарлауынша, бұл актерді ауыстыруға тура келген. Холттың өзге жобадағы түсірілімдері сәйкес келіп қалғандықтан, ол бұл жобадан бас тартты.

Енді бұл рөлді «Тақтар ойынындағы» Джон Сноу рөлімен және «Помпеи» арқылы танылған Кит Харингтон сомдайды. Актер «Гарри Поттер» жобасында бұған дейін де жұмыс істеген болатын. Ол 2025 жылы «Гарри Поттер: Толық актерлік құрам» аудиокітабында дәл осы Златопуст Локонсты дыбыстаған. Сол кезде Харингтон кішкентайынан Джоан Роулингтің кітаптарын сүйіп оқығанын айтып, кейіпкерін жақсы көргендіктен, дыбыстауға бірден келіскенін жеткізген еді.

Златопуст Локонс – Хогвартста «Қара сиқырдан қорғану» пәнінен уақытша сабақ беретін танымал сиқыршы. 2002 жылғы фильмде бұл кейіпкерді Кеннет Брана ойнаған еді. Кейіпкер «Гарри Поттер және жасырын бөлме» бөлімінде қайта пайда болады.

Сериалдың екінші маусымының түсірілімі күзде басталады деп жоспарланған. Ал бірінші маусымның премьерасы 25 желтоқсанға белгіленді деп жариялады. Жаңа маусымда басты рөлдерде:

  • Гарри Поттер – Доминик Маклафлин
  • Гермиона Грейнджер – Арабелла Стентон
  • Рон Уизли – Аластер Стаут
  • Драко Малфой – Локс Пратт

Жобаның бірінші маусымының сценарисі Джон Браун түпнұсқа кітаптың сюжетін барынша ашып, бұрынғы фильмдерде қалтарыста қалған детальдарға көбірек көңіл бөлмек. Сериалдың атқарушы продюсері ретінде Джоан Роулингтің өзі қатысып жатыр.

Төре СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚАЗАҚ КИНОЛАРЫНЫҢ мықты БӘЙГЕСІ басталады