Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады - министрлік

0
108

Биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ.


Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады - министрлік

ERNUR.KZ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство дерегінше, биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ.
Өткен аптада бірқатар азық-түлік өнімдеріне баға төмендеді. Атап айтқанда арзандаған мына тауарлар:
жұмыртқа 1,2%-ға;
пияз 0,8%-ға;
сәбіз 0,6%-ға;
рожки мен күріш 0,1%-ға.
Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды.

"Өңірлер арасында баға индексінің төмендеуі Түркістан облысында – 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1 тіркелді. Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды", - деп жазылған хабарламада.
Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды.