ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған - Әлназарова

0
179

Әлназарова жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 миллион және тұмаудың 2 мыңға жуық жағдайы тіркелетінін айты.


ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған - Әлназарова

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлназарова жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 миллион және тұмаудың 2 мыңға жуық жағдайы тіркелетінін айты.

Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1 миллион 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Соның ішінде 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы – 590, оның ішінде А типі (H3N2) – 587 (Қазақстанда 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы), А (H1N1) типі – 3 жағдай.

"Биыл тұмаудың айналымы 41 аптада, яғни қазанның бірінші жартысында, өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмауға қарсы емес вирустарға да тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің айналымда жүргені байқалады. ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған", - деді Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-дың 6 мыңнан астам оқиғасы тіркелген. ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың жалпы санының ішінде оқушылардың шамамен 4 пайызы ауырған.

"ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтіліп, фильтр-кабинеттердің жұмысы және эпидемияға қарсы режимнің сақталуы қамтамасыз етілді.
Вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттардың, жеке қорғаныш құралдары мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қоры бар", - делінген хабарламада.