Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды

0
385


Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды

© "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі


ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр станциясының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жаңа күн электр станиясы заманауи фотоэлектрлік технологиямен жабдықталған. 80 гектарда 80 000-нан астам күн панелі орнатылған. Олар екі жағынан да энергия шығарады. Станция жылына 86 млн кВт/сағ таза энергия өндіретін болады. Осылайша, жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станясының бірінші кезеңі аяқталды.

Гибридті конфигурация құбылмалы ауа райы кезінде де энергия қуатын береді. Қазіргі кезде газ электр станиясын салу жұмыстары атқарылып жатыр. Жаңа кешен күн, жел, газ электр станцияларынан тұрады.