Биыл Жамбылда шегірткелердің шабуылы шектен тыс артуы мүмкін. Фитосанитарлар бүгінде таралу аумағы 108 мың гектарға жетті, деп дабыл қағып отыр.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Биыл облыстың он ауданындағы жайылымдардан жыбырлаған жәндіктің көбейіп келе жатқанын көруге болады. Әсіресе, үш ауданның ортақ жайылымы Көделі жазығында шегіртке өрттей қаулап келеді. Қанаттылар 3 жыл бұрын жайылымға жақын жатқан Кеңес ауылының шалғынын отап, шабындығын тып-типыл еткен, деп жазады zakon.kz.
Былтыр Байзақ ауданындағы 18 мың гектар жайылымға дәрі себілген. Бірақ соған қарамастан биыл қанаттылар қаптаған аумақ 20 мың гектардан асып отыр7
Жауаптылар шегірткеге қарсы 8 тоннадан аса химиялық препарат сеппек. Ал улы дәрінің төрт-түлік пен өсімдіктерге зияны жоқ дейді. Жалпы бір шегірткенің ұрық қалташасынан 40 данаға дейін дернәсіл шығады. Сондықтан мамандар қанаттанбай жатып дәрілеуді 2 аптада аяқтауға асығып отыр.