Жамбыл облысында қорғаныс министрлігінің мүлкін тасымалдаған вагондар рельстен шығып кетті

0
84

Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Жамбыл облысында қорғаныс министрлігінің мүлкін тасымалдаған вагондар рельстен шығып кетті

фото: Sputnik / Игорь Маслов

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында пойыз вагондарының рельстен шығып кеткені туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 20 желтоқсанда Түрксіб станциясында вагондарды түсіру бойынша маневрлік жұмыстары кезінде болғаны белгілі болды. Кейінірек үш вагонның екеуінде қорғаныс министрлігінің мүлкі тасымалданғаны анықталды.
"Вагондар тылдық мақсатқа арналған жабдықтарды тасымалдаған. Вагондарда әскери техника, қару-жарақ немесе оқ-дәрі болған жоқ", - деді қорғаныс министрлігі.
Министрлікте оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
"Қазақстан темір жолы" темір жолы бұл оқиға пойыз кестесіне әсер етпегенін хабарлады.