Зайсанда адам өлтіруге оқталды деген екі күдікті ұсталды

0
126

Қаладағы атыс туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде тарады.


Зайсанда адам өлтіруге оқталды деген екі күдікті ұсталды

Әлеуметтік желілерден алынған фото

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында атыс болды. Белгісіз екі адам жігітке оқ атып, бой тасаламақ болған, деп жазады tengrinews.kz.

Не болды?

Қаладағы атыс туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде тарады. Түнде Зайсанда белгісіз біреулердің 2005 жылы туған жігітті арқасынан жаралағаны хабарланды. Паблик мәліметінше, зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Шабуыл жасағандар оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткені, бірақ кейін оларды полиция құрықтағаны айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын қосып айтты. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.