Ұлын оқуға түсірмек болған қазақстандық әйел 2,5 миллион теңгесінен айырылды

0
116

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, былтырғы көктемде танысы 18 жастағы ұлын университетке түсіруге көмектесемін деп уәде берген.


Ұлын оқуға түсірмек болған қазақстандық әйел 2,5 миллион теңгесінен айырылды

Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Абай облысының 41 жастағы тұрғыны ұлын университетке түсіріп беремін деп уәде берген алаяққа алданып қалды, деп жазады Stan.kz.

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, былтырғы көктемде танысы 18 жастағы ұлын университетке түсіруге көмектесемін деп уәде берген. Осы сылтаумен әйел ер адамға 2,5 миллион теңге беріп жіберген.

Полиция күдікті 41 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Оның үстінен алаяқтық белгілері бойынша тексеру жүргізілуде.

"Күдіктінің процессуалдық құқықтары түсіндірілді, шақыртуға міндеттеме алынды. Оқиғаға қатысты барлық мән-жай анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.