ҰҚШҰ Ауғанстан халқына гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсетуді жалғастырады

0
133

ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесі бұл елдегі жағдайды бақылауды жалғастыру керек екеніне сенім білдірді.


ҰҚШҰ Ауғанстан халқына гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсетуді жалғастырады

фото: Ebrahim Noroozi

ERNUR.KZ. ҰҚШҰ хатшылығында ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесі жанындағы Ауғанстан бойынша жұмыс тобының 41-ші отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.
Шараға ұйымға мүше мемлекеттердің делегациялары мен түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
"Ауғанстандағы ағымдағы жағдай бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу болып, осы елдің аумағынан туындайтын жоғары ықтимал тәуекелдер мен қауіптердің жалғасып жатқаны айтылды", - делінген хабарламада.
Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан Ауғанстан халқына гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ олар Ауғанстандағы жағдайды бақылауды жалғастырудың және осы елде бейбітшілік процесін орнатуға ықпал етудің орындылығы туралы ортақ ұстанымды білдірді.
Отырыс соңында отырыстың хаттамасы қабылданды.