ҰБТ-дан 140 балл жинаған екі оқушыға 50 миллион теңге мен шәкіртақы беріледі

0
98


ҰБТ-дан 140 балл жинаған екі оқушыға 50 миллион теңге мен шәкіртақы беріледі

Фото: JUZ40
ERNUR.KZ. Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл жинаған екі оқушы Әсет Альтаир мен Алтынсары Кәусарға JUZ40 EdTech компаниясы 50 миллион теңге ақшалай сыйлық берді, деп жазады Stan.kz.

Павлодар қаласының тумасы Әсет Альтаир Ұлттық бірыңғай тестілеуден география-математика комбинациясы бойынша 140 балл жинап, абсолют нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Қызылорда қаласының тумасы Алынсары Кәусар дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі комбинациясы бойынша абсолют 140 балл алды.

Екі талапкерге де JUZ40 EdTech компаниясының уәдесі бойынша 50 миллион теңге көлеміндегі бағалы сыйлық беріледі. Бұған қоса, орталық әр оқушыға 4 жыл бойы 140 000 тг шәкіртақы, ал ата-аналарына 3 миллион теңге сыйақы тағайындайды.

Айта кетейік, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген. Негізгі ҰБТ басталғалы бері 92 мыңға жуық адам тест тапсырды. ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ 1400 балл оқушы
Фото: JUZ40

Екі оқушы да қазір ҰБТ-ға дайындайтын JUZ40 білім беру орталығында білім алып жатыр. Нағыз ҰБТ басталғалы орталық оқушыларының арасынан абсолют 140 балл жинағандар қатары осымен үшеуге жетті.

"Оқушыларымыздың үздік нәтижелеріне шын жүректен қуаныштымыз. JUZ40 білім беру орталығының басты мақсаты - әр оқушыға сапалы білім беру. Әрі қарай да бұл жолда еңбектенетін боламыз", – деді JUZ40 EdTech компаниясының негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева.