​Түркістан облысында болған жарылыстан 35 жастағы екі баланың анасы қайтыс болды

0
148

Оқиға кезінде зардап шеккен 35 жастағы әйелдің жарақаты тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.


​Түркістан облысында болған жарылыстан 35 жастағы екі баланың анасы қайтыс болды

Фото: Александр Павский/Kazinform

ERNUR.KZ. 30 қазан күні Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болған еді, деп жазады inform.kz.

Оқиға кезінде зардап шеккен 35 жастағы әйелдің жарақаты тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Науқас ауыр күйік жарақатын алған.

Отырар аудандық ауруханасына түскен сәттен бастап мамандар қашықтықтан консультациялар өткізіп, науқастың жағдайын жақсартуға күш салған. Білікті мамандандырылған медициналық көмек алу үшін Шымкентке жеткізілген.
- 3 қараша күні сағат 15:30-да Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына Түркістан облысы Отырар аудандық орталық ауруханасынан 1990 жылы туған әйел өте ауыр жағдайда ауыстырылды, - деді Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.
Бас дәрігердің айтуынша, жағдайдың ауырлығы политравма мен ауыр аралас жарақатқа байланысты болған. Қабылдау кезінде зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол 80-90% термиялық күйік алған.
Емделгеніне қарамастан, науқас қайтыс болды. Жарылыс болған пәтерді отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша алған. Марқұм педиатрдың артында күйеуі мен екі баласы қалды, жарылыс кезінде олар үйде болмаған.