Министрдің айтуынша, қабылдап жатқан норма қазақстандықтардың құқығын шектемейді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда қос азаматтығы бар және тұрғылықты жерін ауыстырған азаматтарға зейнетақы төлеудің жаңа жүйесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.
"Тұрғылықты жерін ауыстырған азаматтарға зейнетақы төлеуді уақытша тоқтату мәселесі қоғамдық талқыға шығарылады. Құжат қоғаммен талқылап барып шешім қабылдау үшін "Ашық НҚА"-ға орналастырылған. Бүгінгі таңда кейбір зейнеткерлердің Қазақстан аумағында тұрмай, екінші азаматтығымен елден кеткенін анықтадық. Сондықтан қазір тек зейнеткерлерге ғана емес, жалпы тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптарын қатаңдату жүргізіліп жатыр”, — деді Светлана Жақыпова журналистерге.
Министрдің айтуынша, қабылдап жатқан норма қазақстандықтардың құқығын шектемейді.
"Қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік әділеттілік қағидатын қалпына келтіруге, адал салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталған. Өйткені, азаматтар төлеген жеке табыс салығының қалай, қайда жұмсалып жатқаны маңызды, — дейді ол.