Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
127


Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақордадан
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Stan.kz.

Ақоданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға жеделхат жолдады.

“Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.