​Теміржол арқылы жыл басынан бері көмір экспорты 14% өсті

0
142

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% немесе 2 млн тоннаға артық.


​Теміржол арқылы жыл басынан бері  көмір экспорты 14% өсті

фото: 018.kz

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша экспортқа 16 млн тоннадан астам тас көмір жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% немесе 2 млн тоннаға артық.

Үндістан мен Түркияға жеткізілімдер айтарлықтай өсім көрсетті-бұл елдерге экспорт көлемі екі есеге артып, тиісінше 1,4 млн және 1,6 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ Қырғызстанға жеткізілім 24%, яғни 280 мың тоннаға дейін, ал Ресейге жеткізілім 8%, яғни 11,8 млн тоннаға дейін өсті.