Тойдың видеосын желіге асаба жариялаған.
Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыда 350 ер адам қатысқан имамның тойы талқыға түсті. Желідегілер бұл қыз ұзату тойы деп топшалаған, деп жазады stan.kz.
Тойдың видеосын желіге асаба жариялаған. Видеода тойханадан тек қана ер адамдарды байқауға болады. Той қонақтарының арасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да бар.
Видеоны жариялаған асабаның айтуынша, той зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, шариғат талаптарына сай ұйымдастырылған.
Желі қолданушылары тойда әйел адамдардың болмағанына таңқалды.
"Бұл қайдан шыққан дәстүр?", "Ақ жаулықты аналарымыз қайда?", "Қызды демейтін жеңгелеріміз көрінбейді?", "Сыңсуды әкесі айтты ма?" деген түрлі пікір қалдырды.