Сот орындаушыларға AdiletGov мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады

0
118

AdiletGov мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы бірлесіп әзірлеген.


Сот орындаушыларға AdiletGov мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. AdiletGov мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап 2,5 мыңнан астам азамат сот орындаушыларына жүгініп, өз мәселелерін орындаушылық іс жүргізу шеңберінде шешті. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inform.kz.

AdiletGov мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы бірлесіп әзірлеген. Жоба мақсаты — орындаушылық іс жүргізудің қолжетімділігін және ашықтығын арттыру.

Қосымша арқылы азаматтар орындаушылық іс жүргізудің барысы туралы ақпарат ала алады, сот орындаушылары қабылдаған шараларды көре алады, өтініштер, арыздар мен шағымдар жібере алады, сондай-ақ олардың қаралу мәртебесін бақылай алады.
Пайдаланушылар нақты уақыт режимінде сот орындаушысының қандай іс жүргізу әрекеттерін орындағанын көре алады. Егер белгілі бір әрекеттер орындалмаған болса, олардың қабылдануы жөнінде өтініш жолдап, бес жұмыс күні ішінде жауап ала алады.
Сот орындаушысы белгіленген мерзімде жауап бермеген немесе тиісті әрекеттерді орындамаған жағдайда, өтініш автоматты түрде өңірлік палата мен әділет департаментіне жолданады.
AdiletGov мобильді қосымшасын Google Play және App Store платформаларынан жүктеп алуға болады.