Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман шаруашылығы аумағы өртенді

0
142

Өртті сөндіруге бірнеше қызмет жұмылдырылды.


Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман шаруашылығы аумағы өртенді

Фото: freepic.kz

ERNUR.KZ.19 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы аумағында ірі өрт болды, деп жазады BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, Есіл ауданы Жаңалық ауылы маңында құрғақ шөп тұтанып, от жақын маңдағы орманға тараған. Алдын ала дерек бойынша, өрттің аумағы 7,7 гектарды құраған. Өрт төменгі, жылдам таралатын сипатта болған.

"Өртті сөндіру қатты екпінді жел салдарынан қиындады, ол оттың тез таралуына ықпал етті. Оқиға орнында штаб құрылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды", – деді ТЖМ.

Белгілі болғандай, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп атап өтті ведомство.