«Синий китке» қатысы бар ма?: Зайсанда әйелді өлтірді деген күдікпен 15 жастағы оқушы қамалды

0
124

​Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіге қамауға алу шарасын қолданды. Тергеуге қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.


«Синий китке» қатысы бар ма?: Зайсанда әйелді өлтірді деген күдікпен 15 жастағы оқушы қамалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында әйелді өлтірді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі редакциясының сауалына жауап берді, деп жазады baq.kz.

Аталған факті бойынша Зайсан аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Істің толық, жан-жақты әрі объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайларын жария етпеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, – деп хабарлады ШҚО ПД.

«Синий кит» туралы ақпарат расталмады

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде қаза тапқан әйелдің мұғалім болып жұмыс істегені және қылмысқа «Синий кит» интернет-ойынының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

ШҚО ПД мәліметінше, қаза тапқан әйел педагог болмаған. Сонымен қатар жүргізілген тексеру барысында оқиғаның «Синий кит» интернет-ойынымен байланысы расталмаған.

Тергеу жалғасып жатыр.