Шыршадан шыққан өрт: Талдықорған тұрғыны көршісінің екі баласын құтқарды

0
695

Пәтерде жасанды шырша мен 0,5 шаршы метр алаңда диван жанған.


Шыршадан шыққан өрт: Талдықорған тұрғыны көршісінің екі баласын құтқарды

ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі баласын өрттен құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметінше, 26 желтоқсан сағат 10.36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы Болашақ шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында пәтер өртенді деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді.

Пәтерде жасанды шырша мен 0,5 шаршы метр алаңда диван жанғаны анықталды.

Өртке қарсы бөлімше келгенге дейін көрші Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндіріп үлгерген.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан жаңажылдық шыршаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.