Блогерлер ең әуелі қаза тапқан Нұрайдың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал блогерлер Кәмила Әділхан мен Мағжан Аймаханов Шымкентте болған жантүршігерлік қылмысқа байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Блогерлер ең әуелі қаза тапқан Нұрайдың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Сонымен қатар олар күдіктінің өздеріне туыстық қатысы бар екенін растады.
“ Барлығыңыздың қойып жатқан сұрақтарыңыз – Шерхан Аймаханның сендерге қандай қатысы бар? Иә, Шерхан менің әкемнің інісінің баласы. Біздің туысымыз “, – деді Мағжан Аймаханов.
Блогерлер сот процесі әділ өтуі керек екенін айтып, қылмысты ешбір жағдайда ақтамайтынын жеткізді.
“ Сот және ондағы жаза бойынша біз де бәрінің әділ өткенін қалаймыз! Бірақ, өкінішке қарай, қанша жылға сотталып кетсе де, қанша көңіл айтсақ та, Нұрайдың орыны толмайды “, – деді олар.
Олар сондай-ақ блогерлік мәртебе арқылы істі "жабуға" тырысып жатыр деген қауесеттерге де жауап бердіү
“ Көптің айтуынша, блогермен туыс болса, бірдеңе шешіліп кетіп, әділ емес болып қалмасын деген ақпарат жайылып кетіпті, керсінше, халықтың алдында жүрген адам ретінде қанша туысымыз болса да, бұл жағдайда әділ жаза және соттың әділ шешімі шыққанын қалаймыз, – деді блогерлер.”


