Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам көз жұмды

0
139

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы ауруханаға түсті.


Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам көз жұмды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады.
27 шілдеде сағат 08:50-де "Алматы-Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожолының 299 км-де "Toyota Land Cruiser 200" автокөлігінің жүргізушісі жол апатына түскен.
"Жүргізуші Қарағанды облысынан Алматы қаласына бара жатып, рөлді басқара алмай қалған, көлік аударылып кеткен", - дейді ведомство.
Жол апаты салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза болды, екеуі ауруханаға түсті. Ауруханаға түскендер – Рахмоновтың әйелі мен баласы.
Қазіргі уақытта "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.