Бұған дейін әлеуметтік желілерде UFC боксшысы Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсіп, оның екі жолаушысы қаза тапты деген ақпарат пайда болған еді.
Сурет: Instagram/zhambyl_police
Бұған дейін әлеуметтік желілерде UFC боксшысы Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсіп, оның екі жолаушысы қаза тапты деген ақпарат пайда болған еді. Жамбыл облысының полиция департаменті жол апатын растады, бірақ зардап шеккендердің есімдерін атамады.
Қазір облыстық полицияның Instagram желісінде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және болған оқиғаның себептерін объективті түрде анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын, көліктің мамандандырылған тұраққа көшірілгенін тағы да атап өтті.
2025 жылғы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы "Алматы-Екатеринбург" автожолының 299-шақырымында "Toyota Land Cruiser 200" маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған.
Әлеуметтік желілердегі мәліметше, жүргізуші UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың әйелі болған. Сондай-ақ Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы Шу қаласындағы ауруханаға жатқызылғаны айтылды.
Кейін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Рахмоновтардың (34 жастағы әйел мен 3 жасар бала) Шу қалалық ауруханасына жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы деген диагнозбен жатқызылғанын хабарлады. Кейін жәбірленушілер қолхат жазып, ауруханадан шығып, Алматыға кеткені белгілі болды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған дерекке қатысты "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.