Пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқыта бастаған.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. 2 қыркүйекте полицияға Шахтинск қаласындағы Карл Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады zakon.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Мән-жайды анықтау барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқыта бастаған.
Қауіпсіздік мақсатында кіреберістен 35 адам эвакуацияланып, ықтимал зардаптардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ер адам пәтердің есігін ашты. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі байқалмады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Тексеру аяқталғанға дейін ол уақытша ұстау камерасына қамалды.


