Семейде 8-сынып оқушысы соққыға жығылды

0
126

Семейдің "Холодный ключ" ықшам ауданында оқушы қызды бір топ бала соққыға жықты.


Семейде 8-сынып оқушысы соққыға жығылды

Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Куәгердің айтуынша, балалардың бірі 8-сынып оқушысын ішінен теуіп, жұдырықпен ұрған, деп жазды inbusiness.kz.

– "Нәрестеммен емханаға келгенмін. Қабылдаудан кейін дәлізге шыққанымда бір топ баланы байқадым. Алғашында ойнап жүр екен деп ойладым. Көзім жақсы көрмегендіктен, телефонымның камерасымен жақындатып қарасам, қызды ұрып жатқанын аңғардым. Әрекет еткенше тек бір сәтті ғана түсіріп үлгердім", – дейді куәгер.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға №48 мектептің оқушылары арасында болған. Салдарынан 8-сынып оқушысы жарақат алды.

– "Балалар алаңында 3-сынып пен 8-сынып оқушысының арасында жанжал шыққан. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 8-сынып оқушысының заңды өкілдері арыз жазудан бас тартты, екінші тарапқа шағымдарының жоқ екенін мәлімдеді", – деді полицияда.

Қазіргі таңда оқиғаға себепкер болған оқушыға қатысты материал жиналып, іс Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.