SCAT мәлімдеме жасады: Астана – Доха рейсі тоқтатылды

0
84

"Анталья – Астана" және "Актөбе – Анталья" бағыттарында да өзгерістер бар.


SCAT мәлімдеме жасады: Астана – Доха рейсі тоқтатылды

фото: Пресс-служба авиакомпании SCAT

ERNUR.KZ. SCAT әуе компаниясы рейстердің кестесіндегі өзгерістер жөнінде мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Бірқатар қалада әуе компаниясының ұшақтары құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған.
"Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді. Соған қарамастан, компания рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру үшін бар күшін салды. Жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберілді, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
"Анталья – Астана" және "Актөбе – Анталья" бағыттарында да өзгерістер бар.
"Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған. Актөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылды. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетіліп жатыр", - деп хабарлады компаниядағылар.
Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылдың 23 маусымында келесі бағыттарда рейстер кешігуі мүмкін:
Алматы – Шарм-эль-Шейх
Алматы – Анталья
Анталья – Алматы

Сондай-ақ, халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты 2025 жылдың 23 маусымына жоспарланған "Астана – Доха" рейсі тоқтатылды.