159,4 тонна сиыр етін жеткізу бойынша қосымша келісім жасалған.
© Photo : Минторговли и интеграции Казахстан
ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасын ұстап тұру және төмендету шараларын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Мұның барлығын 1 қарашадан бастап сатады. Осылайша, көкөністің тапшылығына жол берілмейді, қыс мезгілінде баға да өспеуі керек. Ал нарықты бір келісі үшін 2 790 теңге болатын сиыр етімен қамтамасыз етуде 71,6 тонна өнім сатып алуға 200 млн теңге несие бөлінген. Оған қоса, 159,4 тонна сиыр етін жеткізу бойынша қосымша келісім жасалды.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын одан әрі тұрақтандыру мақсатында біз отандық тауар өндірушілерден өнім сатып алуға арналған қаржыландыру көлемін екі есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, негізгі азық-түлік түрлері бойынша отандық өндірушілермен және сауда желілерімен көтерме және бөлшек бағаларды белгілеу туралы меморандумдарға қол қойылады", - деді министрі.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріне арзандатылған сиыр етін тікелей жеткізу ұйымдастырылған.