Салық бойынша борышкерлердің мүлкі мобильді қосымша арқылы сатылады

0
156

Пилоттық жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылады.


Салық бойынша борышкерлердің мүлкі мобильді қосымша арқылы сатылады

фото: Sputnik / Болат Шайхинов

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі салық бойынша борышкерлерге қатысты жаңа құжатты қоғамдық талқылауға шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Құжат салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша борышкерлердің мүлкін мобильді қосымша арқылы сату бойынша пилоттық жоба. Іске асыру мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген.
Осылайша, қаржы министрлігі қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мерзімін қысқартуды және еңбек шығындарын азайтуды жоспарлап отыр.
Министрлік нақты қандай қосымшаның қолданылатынын айтпады.
Құжат 2025 жылдың 15 шілдесіне дейін көпшілік талқылауда болады.