Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

0
103

Қазіргі уақытта тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.


Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

фото: Sputnik / Владимир Астапкович

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.
Нәресте – қыз бала. 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.
"Нәрестенің жағдайы орташа ауыр. Болжамды гестациялық жасы – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Өзі тыныс алып жатыр, гемодинамикасы тұрақты", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бүгін Қордай ауданындағы Гвардейск әскери қалашығында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.