Сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.
ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот үкімі шықты, - деп жазады tengrinews.kz.
Ернар Жиембай орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.