Риддер көшелеріне аюдың жиі кіруіне байланысты халыққа ескерту жасалды

0
205

Әкімдік тұрғындарды сабыр сақтауға, жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға, ал түз тағысын көрген жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлауға шақырды.


Риддер көшелеріне аюдың жиі кіруіне байланысты халыққа ескерту жасалды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының көшелеріне аюдың қайта-қайта кіріп кетуіне байланысты халыққа ескерту жасалды, деп жазады inform.kz.

Қазіргі уақытта Риддерге ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобы келді. Олар қала маңындағы орман алқаптарын және елді мекеннің шетін бір апта бойы тексеріп, жағдайды бағаламақ.

- Соңғы уақытта жабайы аңдардың, соның ішінде аюлардың қала ішіне жақындауы жиілеп кетті. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, - деп хабарлады Риддер қаласы әкімдігінен.
Әкімдік тұрғындарды сабыр сақтауға, жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға, ал түз тағысын көрген жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлауға шақырды.
- Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен құзырлы қызметтердің тұрақты бақылауына алынған. Жедел әрекет ету тобы мамандарының жұмысы аяқталғаннан кейін жағдайға ресми баға беріліп, одан арғы әрекеттер туралы хабарланады, - делінген ақпаратта.