Ресейдің Қазақстанмен шекарада жүктерді тексеру уақыты 8 минуттан аспайды

0
232

Ресей тарапынан көлік жиналмайды, деп хабарлады Росгранстрой.


Ресейдің Қазақстанмен шекарада жүктерді тексеру уақыты 8 минуттан аспайды

фото: Sputnik / Виктор Толочко

ERNUR.KZ. Росгранстрой Қазақстанмен шекарада жүктерді тексеру кезінде кептеліс пайда болатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

"Кеден органдарының мобильді топтарының әрекеттеріне байланысты Қазақстанмен шекарадағы жағдай нашарлаған жоқ. Ресейлік кеден органдары өзара сауда аясында көлік құралдары мен тауарлардың еркін қозғалысына кедергі келтірмейді", - деп хабарлады Росгранстрой.
Егер барлық құжат дұрыс болса, тексеру шаралары сегіз минуттан аспайды, деп атап өтті ведомстводағылар.
"Жүргізушілердің айтуынша, көлік құралдарының жиналуы өткізу пункттерінде емес, Қазақстан аумағындағы тұрақтарда қалыптасады. Ресей тарапынан кептеліс пен кезек жоқ", - деп атап өтті Росгранстрой.
Өткізу пунктеріндегі көліктердің саны Петухово, Бугристое, Веселоярск, Сагарчин, Маштаково әдеттегі күнделікті жағдайға сәйкес. Көліктер өткізу пунктерінен аздан ғана өтіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп атап өтті ведомство.