Ресейден әкелінген ағаштан қауіпті карантиндік зиянкес анықталды

0
84

Өнімнің жалпы көлемі 33 текше метр.


Ресейден әкелінген ағаштан қауіпті карантиндік зиянкес анықталды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Петропавл қаласында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қарағай сүрегінен дайындалған араланған ағаш материалдары легінен карантиндік нысан – кіші қара шырша мұртты қоңызын (Monochamus sutor L.) анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Залалдану фактісі "Фитосанитария" ШЖҚ РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысымен расталды.

Еліміздің өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сот қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Карантиндік өнім жойылды.