СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың растауынша,26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде жанжал шыққан, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.
Видео кадры
ERNUR.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейде Ленинград облысындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстан азаматтары да болған, - деп жазады Tengrinews.kz.
СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың растауынша,26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде жанжал шыққан, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.
"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объектив анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процестік әрекеттерді жүзеге асырды. Жанжалға қатысқандар ұсталды", - делінген хабарламада.
Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.Рейтинг организации
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматтарының арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызу қажет адамдар жоқ", - деп атап өтті Жетібаев.
Сондай-ақ, оқиға орнындағы жағдай тұрақты екені және құзырлы қызметтердің бақылауында тұрғаны айтылды.
Ведомство өкілдері Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін қосты.
Бас консул Қазақстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін оқиға орнына барған.


