Қазіргі кезде ветеринарлық бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Фото: Ильзат Сафаргалиев/Kazinform
ERNUR.KZ. Ресейдің бірқатар өңірінде эпизоотиялық жағдай нашарлап жатыр. Осы орайда Қазақстан ветеринарлық қадағалау шараларын күшейтті, деп жазады inform.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл шешім Ресей Федерациясының жекелеген аймақтарындағы күрделі эпизоотиялық жағдайға байланысты қабылданды.
— Қазақстан Республикасында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуына жол бермеу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті көрші елден тірі малды тасымалдауға, сондай-ақ термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдерін, жемді әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулерді біртіндеп енгізді, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген ақпаратында.
Атап айтқанда, қазіргі кезде ветеринарлық бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан тасымалданатын тауарларды қатаң бақылау және тексеру, көліктерді дезинфекциялау жүзеге асырылады. Егер талаптарды бұзу деректері анықталса, импортты болдырмау үшін дереу шаралар қабылданады және тауарлар қайтарылады.
— Бұл ретте эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда тұр, — деп нақтылады министрлік.
Еске салсақ, биыл ақпан айында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы Қазбек Ташимов Ресейдің бірқатар өңірінен мал мен ет жеткізуге енгізілген тыйымның себебін атады.
Ресей Федерациясында пастереллез анықталғаннан кейін, осындай шектеу енгізу туралы шешім қабылданды


