Тараптар бұл жұмысты екіжақты жұмыс тобы аясында жалғастыруға келісті.
фото: Министерство просвещения РК
ERNUR.KZ. Ресейдің оқу-ағарту министрі Сергей Кравцов Қазақстанның оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
"Кездесуде кәсіптік білім беру, балалардың демалысы, мұғалімдердің кәсіби дамуы және дарынды балалармен жұмыс саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды және бірлескен жұмыстың жаңа бағыттары анықталды", - делінген мәлімдемеде.
Кравцов Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептер құру бойынша күш салулары үшін алғыс айтты. Тараптар бұл жұмысты екіжақты жұмыс тобы аясында жалғастыруға келісті.
Сергей Кравцов Жұлдыз Сүлейменованы "Болашақты қалыптастыру" атты білім министрлерінің халықаралық форумына қатысуға шақырды және білім беру саласының басшыларына арналған бірлескен "ПРОдиалог" семинарын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, ол 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанға келуге шақыруды қабылдады.


