Ресей Қазақстанмен шекаралас облыста төтенше жағдай жариялады

0
124

Ресми деректерге сәйкес, өңірде пастереллездің 5 ошағы және құтырудың 42 жағдайы анықталған.


Ресей Қазақстанмен шекаралас облыста төтенше жағдай жариялады

Фото: nsk.bfm.ru

ERNUR.KZ. Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Новосибирск облысында малдың құтыруы мен пастереллез індетінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ресми деректерге сәйкес, өңірде пастереллездің 5 ошағы және құтырудың 42 жағдайы анықталған. Соңғы жағдайлар наурыз айының басында, яғни он күннен астам уақыт бұрын тіркелген.

Новосибирск облысы бойынша шамамен 90 мың бас ірі қара бар. Облыста төтенше жағдай 16 ақпаннан бері енгізілген.

Ресей ауыл шаруашылығы министрі Андрей Шинделов төтенше жағдай режимі індетке қарсы іс-қимылды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Ол індеттің өршуіне жабайы аң себеп болуы мүмкін деді. Қыста ауа температурасы тұрақсыз болса және қар қалың болмаса жабайы жануарлар төрт түлік мал жайылымына жақындап кетеді.

Ресейдің Новосибирск облысы оңтүстік-батысында Қазақстанмен шектеседі. Павлодар мен Новосибирск арасы тас жолмен – 589 шақырым. Тіке жол – 500 шақырым.