Путин Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады

0
104

Жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтті.


Путин Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады

фото: Акорда

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп жазады sputnik.kz.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстандағы конституциялық реформалар елдеріміз арасындағы одақтастық қарым-қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сізге табыс, сондай-ақ мықты денсаулық пен береке тілеймін", - делінген хабарламада.
Жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, азаматтардың 87,15%-ы Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап дауыс берді.