Президент Нұрлан Байбазаровты жаңа қызметке тағайындады

0
97

2024 жылғы 6 ақпаны - 2024 жылғы 21 желтоқсан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.


Президент Нұрлан Байбазаровты жаңа қызметке тағайындады

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметтік тағайындаулар болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген.

Білімі:

1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004-2011 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылғы 16 қараша – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы еболып тағайындалды.

2023 жылғы қазан - 2024 жылғы ақпан – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы (2023 ж. қазан 2024 ж. ақпан)

2024 жылғы 6 ақпаны - 2024 жылғы 21 желтоқсан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.