Павлодардағы пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды

0
100

​Пәтердің іші көк түтін болған.


Павлодардағы пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Павлодардағы бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен 1962 жылғы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аймақтың төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, көршілер пәтер ішінен түтіннің иісі шығып жатқанын айтқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар пәтердің терезесін қою түтін байқап, үйдің есігін сындыруға мәжбүр болған.

«Пәтерге кірген кезде ес-түссіз жатқан ер адам көрінген. Өкінішке қарай, ол қаза тапқан. Құтқарушылар плитаның үстінен қосулы тұрған ыдыс тапқан», - деп хабарлайды ТЖД.

Қазір полиция мен құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.