Павлодарда жұмыс орнында жарақат алған адам сол жерде көз жұмды

0
99

Ол басынан жарақат алып, сол жерде жан тапсырған.


Павлодарда жұмыс орнында жарақат алған адам сол жерде көз жұмды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысында соңғы күндері бірқатар қайғылы оқиға тіркелді. Еңбек қауіпсіздігі мен жолдағы абайсыздық салдарынан үш адамның өмірі қиылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полиция мәліметінше, 12 шілде күні таңертең Назарбаев даңғылы 17/1 мекенжайында орналасқан кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп жатқан азамат жауын суын өткізетін құбырларды тазалау кезінде басынан жарақат алып, сол жерде жан тапсырған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен адам қорғаныс каскасын кимеген. Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды», – делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарламасында.