Павлодарда тәрбиешіге баланы ұрды деген айып тағылды

0
273

Ата-аналар алдымен әлеуметтік желілер арқылы шағым түсірген.


Павлодарда тәрбиешіге баланы ұрды деген айып тағылды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында тәрбиешінің баланы ұру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп деп жазады baq.kz.

Ата-аналар алдымен әлеуметтік желілер арқылы шағым түсірген. Олардың айтуынша, бейнежазбада балабақша қызметкері балаларды басынан ұрғаны байқалады.

Қалалық білім беру бөлімі мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Гүлбаршын Алтыбасарованың айтуынша, ұру дерегін ата-аналардың бірі байқап қалған. Кейін учаскелік инспектордың көмегіне жүгініп, әлеуметтік желілерге хабарлама жариялаған.

Аналар бейнежазбада тәрбиеші екі жастағы балаларды итеріп, қол тигізгенін көрген. Бұдан кейін мамандар қызметтік тексеріс ашылды. Оқиға орнында болып, ата-аналармен тілдестік. Қазіргі уақытта полицейлер бейнебақылау камераларындағы материалдарды тәркілеп, егжей-тегжейлі зерттеп жатыр. Бүгінгі таңда тәрбиеші жұмысынан шеттетілді. Дерек расталса, заң бойынша шара қолданылады. Шағым түскен кезде балабақша жетекшісінің міндетін атқарған маманның денсаулығы сыр беріп, аурухана парағын ашты. Өкінішке қарай, біз факті туралы әлеуметтік желілерден білдік. Сол себепті ол жұмысына оралған соң тәртіптік шара жаза тағайындалады, - дейді Гүлбаршын Алтыбасарова.

Мамандардың айтуынша, кез келген ата-ана балабақшадағы бейнекамера жазбаларын көру мүмкіндігіне ие.

Айта кетейік, өткен жылы Павлодар қаласында тәрбиешілердің кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қол көтеру бойынша екі дерек тіркелген. Қызметтік тексеріс нәтижесінде қос маман жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет ету құқығынан айырылды.